Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
18-11-2021 17:21
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың қараша айының 18-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнді өткізу кестесіне сәйкес, тәжірибені жинақтау мақсатында «Мұрагер» ММИ және МММИ директорларының орынбасарлары 2020-2021 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары және 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарларын ұсынды.

Сонымен қатар, «ROBOLAND 2021» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VІ фестивалін өткізу, математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңін өткізу және ақпараттандыруға қатысты әр-түрлі сұрақтар талқыланды.

Кеңеске 30 маман қатысты.