«Қаржы саласының білгірі» облыстық байқауы
18-11-2021 08:58
 «Қаржы саласының білгірі» облыстық байқауы

2021 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Инновациялық технологиялар колледжі Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Қаржы білгірі» облыстық байқауынөткізді.

Байқауға қатысуға 17команда  өтінім берді.

Байқау 2 кезеңде өтті: іріктеу кезеңінде қатысушылар «Теңге» валютасының тарихы: қалыптасуы, дамуы, мәселелері»  тақырыбы бойынша бейнепрезентация ұсынды. Барлық жұмыстар қаралып, критериалды бағаланып, нәтижесінде «Қаржы білгірі» зияткерлік ойынының 9 қатысушысы анықталды.

«Қаржы білгірі»   интеллектуалдық ойынының қорытындысы бойынша:

1 орын  - «БЭМС»  командасы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК  студенттері Панкратова Эльвира және Бенц Илья, жетекшісі Сарбасова Сәуле Ерғазықызы;

 

      2 орын – «Успех» командасы, Фомиченко Артем Сергеевич, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ  студенті, жетекшісі Сальникова Елена Викторовна;

3 орын - «Болашақ» командасы, Құдайбергенов Алмат, Куатова Дильназ, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК  студенттері, жетекшілері  Айтман Елдос Ерғазыұлы, Рахимова Жанар Зекеновна.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында  білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.