«Жыл мұғалімі»
18-11-2021 09:08
«Жыл мұғалімі»

      Жыл мұғалімі байқауының облыстық кезеңі өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін, 18 қарашасында, байқаудың үшінші күні өз мәресіне жетіп, келесі мұғалімдер сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын ұсынды:

  1. Нурпеисова К.А., Шахтинск қаласы «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп- лицейі» КММ биология пәнінің мұғалімі;
  2. Берлибекова Ж.М., Жезқазған қаласы «№10ЖББМ» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі;
  3. Абилдина Ш.Ш., Жаңаарқа ауданы «Б. Амалбеков атындағы тірек мектебі (РО)» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Бүгін қатысқан мұғалімдер өз пәнін жақсы меңгеріп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілеттерін де көрсетті.

Сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың азаматтық, патриоттық сезімдерін дамытуға бағытталған жарқын, эмоционалды болды.

 «Жыл мұғалімі» байқауының барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!