2021 жылдың 18 қараша күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
18-11-2021 09:57
2021 жылдың 18 қараша  күні  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен     «Дарынды  балалармен жұмысты  ұйымдастыру»         тақырыбында  облыстық  семинар  өткізілді.

      «Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін дамыту және  ғылыми – зерттеу  жұмыстарына  қызығушылығын арттыру,  дарынды және  талантты  балалармен  жұмысты  әдістемелік  тұрғыда  сауатты  ұйымдастыру»     мақсатында  өткізілген   семинарда  Бұқаржырау ауданының  Үштөбе,   С.Торайғыров атындағы және  Керней  Ресурстық  орталықтары   «Дарынды  балалармен  жұмысты  тиімді  ұйымдастыру  жолдары»,  «Дарынды  және  талантты балалар – мектеп  айнасы», «Дарындылықты  дамыту – әр ұстаздың  парызы»   тақырыптары  бойынша   магниттік  шағын  жинақты  мектептермен  жүргізілген  жұмыстарын  ұсынып,  іс – тәжірибелерімен  бөлісті.   

              Семинар қорытындысында қатысушылар семинардың  өзектілігіне  тоқталып, ұсынылған  жұмыстар  бойынша  оң  пікірлер айтылды,    

 Семинарға  барлығы 100  педагог  қатысты.