2015 жылдың 2 желтоқсан күнінен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Информатика пәнінің терминологиясы арқылы ағылшын тілінің негіздерін оқу» тәжірибелік курсының аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту жүргізілуде. Курсты ағылшын тілінің мұғалімі Юрина Е. В. және оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, информатика пәнінің мұғалімі Вафина Е.Л. жүргізеді.
Үш айлық курс (6 күндізгі сессия) барысында қатысушылар
• Информатика пәнінің терминологиясын ағылшын тілінде оқиды
• Айырықша айту дағдысын қалыптастырады
• Сабақ барысында ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдысын қолдануды үйренеді
• Ағылшын тілінің терминологиясын қолдана отырып оқушыларға тапсырмалар құрады
• Ойын нысанында сабақта оқушы мен мұғалімнің мінез-құлықтық қызметін болжайды
Бірінші сабақ 2015 жылдың 2 желтоқсан күні ҚО ББД ОӘО негізінде өтіп, келесі жағымды пікірлерге ие болды:
« «Блокнотта» тәжірибелік сабақтарымыз есте сақталып, ұнады… Рахмет »
«Маған материалдың берілуі, ұсыну ырғағы өте қатты ұнады. Біздің сабақтарымыз осындай режимде өтеді деп үміттенеміз»
«Қызықты тапсырмаларыңыз үшін рахмет. Керемет болды!»
«Өте қызықты! Рахмет! Үйде бәрін қайталаймыз!Оқимыз, үйренеміз!»