2015 жылдың 2 желтоқсан күнінен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Информатика пәнінің терминологиясы арқылы ағылшын тілінің негіздерін оқу» тәжірибелік курсының аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту жү
02-12-2015 08:24
2015 жылдың 2 желтоқсан күнінен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Информатика пәнінің терминологиясы арқылы ағылшын тілінің негіздерін оқу» тәжірибелік курсының аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту жү

     2015 жылдың 2 желтоқсан күнінен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Информатика пәнінің терминологиясы арқылы ағылшын тілінің негіздерін оқу» тәжірибелік курсының аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту жүргізілуде. Курсты ағылшын тілінің мұғалімі Юрина Е. В. және оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, информатика пәнінің мұғалімі Вафина Е.Л. жүргізеді.

     Үш айлық курс (6 күндізгі сессия)  барысында қатысушылар

•      Информатика пәнінің терминологиясын  ағылшын тілінде оқиды

•      Айырықша айту дағдысын қалыптастырады

•      Сабақ барысында ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдысын қолдануды үйренеді

•      Ағылшын тілінің терминологиясын қолдана отырып оқушыларға тапсырмалар құрады

•      Ойын нысанында сабақта оқушы мен мұғалімнің мінез-құлықтық қызметін болжайды

      Бірінші сабақ 2015 жылдың 2 желтоқсан күні ҚО ББД ОӘО негізінде өтіп, келесі жағымды пікірлерге ие болды:

« «Блокнотта» тәжірибелік сабақтарымыз есте сақталып, ұнадыРахмет smiley»

«Маған материалдың берілуі, ұсыну ырғағы өте қатты ұнады. Біздің сабақтарымыз осындай режимде өтеді деп үміттенеміз»

«Қызықты тапсырмаларыңыз үшін рахмет. Керемет болды

«Өте қызықты! Рахмет! Үйде бәрін қайталаймыз!Оқимыз, үйренеміз!»