Размер шрифта:
Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңі
20-11-2021 17:56
Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңі
      2021 жылдың 20 қарашасы күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен математика, физика және информатика пәндері бойынша ашық республикалық шығармашылық байқаудың облыстық кезеңі өткізілді.
Шығармашылық байқаудың бірінші кезеңі 2021 жылдың 30 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қалалық және аудандық деңгейде өткізілді. Аудандық, қалалық деңгейдегі жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.
2021 жылдың 20 қарашасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізіліп, үздік педагогтеріміз білім сайысында өздерінің кәсіби білімін шыңдай түсті. 
 
Биылғы жылы байқауға барлығы 89 математика, 49 физика, 54 информатика пәнінің мұғалімдері қатысты. Байқау нәтижесі қарашаның 25 –і күні шығарылады.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде біздің облысымызды биіктерден көрсетеді деген сенімдеміз!