Размер шрифта:
Қарағанды облысының «WorldSkills Kazakhstan 2021» чемпионатына қатысуы
23-11-2021 08:57
Қарағанды облысының «WorldSkills Kazakhstan 2021» чемпионатына қатысуы

      2021 жылдың 1-23 қарашасы аралығында Қарағанды облысының құрама командасы «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына Қазақстан Республикасының 5 қаласында (Қарағанды, Көкшетау, Ақтау, Нұр-сұлтан, Семей) 11 негізгі құзыреттілік бойынша қатысты:

- Сән технологиялары;

- Графикалық дизаин;

- Бастауыш сыныптарда оқыту;

- Наубайхана ісі;

- Мектепке дейінгі тәрбие;

- Бизнеске арналған IT шешімдер;

- Кірпіш қалау;

- Веб технологиясы;

- Кондитерлік іс;

- Мейрамхана қызметі;

-Қонақ үй ресепшионисті.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2 қаласында (Көкшетау, Семей) 4 қосымша құзыреттілік бойыншақатысты:

- Шанақ жөндеу;

- Флористика;

- Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару;

-Сандық басқармамен басқарылатын станоктарында фрезерлік жұмыстар.

 «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады. Чемпионаттың қорытындысы іс-шараның салтанатты жабылуында жарияланады.