«Жыл мұғалімі»
25-11-2021 13:47
«Жыл мұғалімі»

«Жыл мұғалімі» байқауының облыстық кезеңі өз жұмысын жалғастырды.

2021 жылдың 23-24 қарашасында өзінің сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын ұсынған мұғалімдер:

  1. Сарсенова А.К., Сәтбаев қаласының «Абай атындағы №4 мектеп-лицей» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
  2. Тобыкова А.Д., Қарқаралы ауданының «Ә.Ермеков атындағы ЖББМ» КММ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі;
  3. Ахатова М.К., Ұлытау ауданының «№1 тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
  4. Мухтарова А.К., Осакаров ауданының «№23 тірек мектебі (РО)» КММ ағылшын тілі мұғалімі;
  5. Тажибеков С.Д., Шет ауданының «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі;
  6. Коканов О.А., Нұра ауданының «М.Сүлейменов атындағы тірек мектебі (РО)» математика пәнінің мұғалімі.

      Ұсынылған сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың азаматтық, патриоттық сезімдерін дамытуға бағытталған жарқын, әсерлі болды.

«Жыл мұғалімі» облыстық байқауына қатысу – бұл балалармен жұмыс істеу тәжірибесін және өз пәнін білуді көрсету ғана емес, сонымен қатар  одан әрі кәсіби дамуын жоспарлау мүмкіндігі.

 «Жыл мұғалімі» байқауының барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!