«Жыл мұғалімі»
«Жыл мұғалімі» байқауының облыстық кезеңі өз жұмысын жалғастырды.
2021 жылдың 23-24 қарашасында өзінің сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын ұсынған мұғалімдер:
- Сарсенова А.К., Сәтбаев қаласының «Абай атындағы №4 мектеп-лицей» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- Тобыкова А.Д., Қарқаралы ауданының «Ә.Ермеков атындағы ЖББМ» КММ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі;
- Ахатова М.К., Ұлытау ауданының «№1 тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
- Мухтарова А.К., Осакаров ауданының «№23 тірек мектебі (РО)» КММ ағылшын тілі мұғалімі;
- Тажибеков С.Д., Шет ауданының «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі;
- Коканов О.А., Нұра ауданының «М.Сүлейменов атындағы тірек мектебі (РО)» математика пәнінің мұғалімі.
Ұсынылған сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың азаматтық, патриоттық сезімдерін дамытуға бағытталған жарқын, әсерлі болды.
«Жыл мұғалімі» облыстық байқауына қатысу – бұл балалармен жұмыс істеу тәжірибесін және өз пәнін білуді көрсету ғана емес, сонымен қатар одан әрі кәсіби дамуын жоспарлау мүмкіндігі.
«Жыл мұғалімі» байқауының барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!