2021 жылдың 25 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Балқаш қаласының медициналық колледжімен бірлесе отырып колледждің жас әдіскерлеріне арнап, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жас инженерлік-педагогикалық қызметкерлерімен жұмыс» бағытының жұмыс жоспарына сәйкес «Жас маманның қалыптасуындағы тәлімгердің рөлі» тақырыбында семинар өткізді.
Аталған шараның мақсаты – жұмыс өтілі 3 жылға дейінгі жас әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
ZOOM платформасы арқылы өткізілген семинарға облыс колледждерінің 60 әдіскері қатысты.
Балқаш қаласының медициналық колледжінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері Косыбаева А.А., Омаркулова С.А., сонымен қатар Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің білікті оқытушысы Федькина М.А. колледжде тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.