«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» бейнероликтер байқауы
26-11-2021 21:23
«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»  бейнероликтер байқауы

      2021 жылдың 26 қарашасында орыс тілі және әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қызметі шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Сәтпаев индустриалды колледжімен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» аттыбейнероликтердің облыстық онлайн-байқауының қорытынды кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты – қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Байқауға қатысу үшін 32 байқау жұмыстары қабылданды.  Барлық бейнероликтерді құзыретті қазылар алқасы қарастырып, нәтижесінде байқау жеңімпаздары анықталды:

1 орын- Свирко Валерия Владимировна, «Қарағанды индустриалды- технологиялық  колледжі» КММ, жетекшісі Мутафян Вера Ивановна;

2 орын- Лукомская Яна Юрьевна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ, жетекшісі Тусупова Зауреш Алимжановна;

3 орын- Пайсаниди Афина Георгиевна, «Академик К.А. Сагинов атындағы Колледж-Мектеп» ЖММ,жетекшісі Омарова Сабира Аубакировна;

3 орын -Байшалов Уалихан,  «Ж.Е. Букенов атындағы Қарағанды  банк колледжі» ЖММ, жетекшісі Умирзакова Бахит Ерембековна.