2021 жылдың 23-24 қарашасында арнайы (түзету) мектеп-интернаттары арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының IІ іріктеу кезеңі өтті.
Байқаудың іріктеу кезеңіне Қарағанды облысының арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының 10 педагогы қатысты.
Облыстық байқаудың екінші кезеңі екі бөлімнен тұрды: сабақ және сыныптан тыс іс-шара. Әр қатысушының сабақ тақырыбы күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша белгіленсе, сыныптан тыс іс-шараның «Тәуелсіздік-орындалған арман. Қазақстан жолы» тақырыбы барлығына бірдей болды.
Сабақтың ұзақтығы - 45 минут, сыныптан тыс іс – шара -іс-шараның өткізу нысанына, оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты 25 - тен 30 минутқа дейін.
Қорытынды ұпайлар бойынша ІІ кезеңде жеңісті Қарағанды облысы білім басқармасының «№6 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагог-дефектологы Шакманова Жанерке Бейбутовна жеңіске жетті.
Алғыс хаттармен марапатталды:
1. Рублева Диана Узбайқызы, «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы;
2. Сабденкулова Нагима Турсыналиевна, «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі;
3. Мерембаева Далила Абдыманаповна, «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің информатика және физика пәнінің мұғалімі;
4. Калюга Светлана Викторовна, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы;
5. Копбаева Елена Васильевна, «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы.
Қатысушылар сертификаттарымен марапатталды:
1. Флат Алия Талгатовна, «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің ағылшын тілі пәнінің мғалімі;
2. Бурляева Юлия Анатольевна, «№5 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі;
3. Лукашина Инна Сергеевна, «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы;
4. Макенбаева Нургул Канатовна, «№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы.