Арнайы (түзету) мектеп-интернаттары арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының ІІ іріктеу кезеңі
29-11-2021 09:03
Арнайы (түзету) мектеп-интернаттары арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының ІІ іріктеу кезеңі

     2021 жылдың 23-24 қарашасында арнайы (түзету) мектеп-интернаттары арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының IІ іріктеу кезеңі өтті.

Байқаудың іріктеу кезеңіне Қарағанды ​​облысының арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының 10 педагогы қатысты.

Облыстық байқаудың екінші кезеңі екі бөлімнен тұрды: сабақ және сыныптан тыс іс-шара. Әр қатысушының сабақ тақырыбы күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша белгіленсе, сыныптан тыс іс-шараның «Тәуелсіздік-орындалған арман. Қазақстан жолы» тақырыбы барлығына бірдей болды.

Сабақтың ұзақтығы - 45 минут,  сыныптан тыс іс – шара -іс-шараның  өткізу нысанына,   оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне  байланысты  25 - тен 30 минутқа дейін.

Қорытынды ұпайлар бойынша ІІ кезеңде жеңісті Қарағанды ​​облысы білім басқармасының «№6 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагог-дефектологы Шакманова Жанерке Бейбутовна жеңіске жетті.

 Алғыс хаттармен марапатталды:

1. Рублева Диана Узбайқызы, «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы;

2.  Сабденкулова Нагима Турсыналиевна, «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі;

3. Мерембаева Далила Абдыманаповна, «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің информатика және физика пәнінің мұғалімі;

4. Калюга Светлана Викторовна, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы;

5. Копбаева Елена Васильевна, «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы.

Қатысушылар сертификаттарымен марапатталды:

1. Флат  Алия Талгатовна, «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің ағылшын тілі пәнінің мғалімі;

2.  Бурляева Юлия Анатольевна, «№5 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі;

3. Лукашина Инна Сергеевна, «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы;

4. Макенбаева Нургул Канатовна,  «№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің педагог-дефектологы.