«Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-семинары
30-11-2021 00:11
«Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-семинары

       2021 жылдың 30 қарашасында Zoom платформасында «Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының аясында облыс колледждеріне арналған онлайн-семинар өтті.

Іс-шара барысында «Жас маман» жобасын іске асырудағы жетістіктер мен мәселелер туралы пікір алмасылды. Осы жобаны іске асырып жатқан Қарағанды агротехникалық колледжі және Абай көпсалалы колледждері өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ бейнеэкскурсиялар өткізді.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, семинардың модераторы қорытынды жасады.

Отырысқа  облыстың ауыл шаруашылығы колледждерінің 19 арнайы пәндер  оқытушылары қатысты.