«Ұлт Көшбасшысының кітаптарын оқимыз» облыстық студенттік оқырмандар конференциясы
02-12-2021 22:11
«Ұлт Көшбасшысының кітаптарын оқимыз» облыстық студенттік оқырмандар конференциясы

      2021 жылдың 2 желтоқсанында ҚО ББД Оқу-әдістемелік орталығы Саран техникалық колледжімен бірлесе «Ұлт Көшбасшысының кітаптарын оқимыз» атты оқырмандар конференциясын өткізді.

Шара Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев күніне орайластырылды.

Конференцияға қатысушылар Елбасының «Қазақстан жолы» кітабының негізгі тарауларымен таныса алды.

Саран техникалық колледжінің студенттері «Қазақстан-2030 Стратегиясын жүзеге асыру», «Экономикалық реформа аясында ұлттық валюта енгізу мен Каспий өңірінің маңызы», «Қазақстанның жаңа тарихындағы Байқоңырдың рөлі туралы» т.б. тарауларымен таныстырды.

Саран қаласының ақыны Селиванова Ю.Б. «Казахстанский путь» өлеңін оқып берді.

Облыс колледждерінің 70 студенттері, оқытушылары мен кітапханашылары қатысты.