«ӨСУ САТЫСЫ» ЖАС ӘДІСКЕР МЕКТЕБІ
07-12-2021 08:44
«ӨСУ САТЫСЫ» ЖАС ӘДІСКЕР МЕКТЕБІ

      2021 жылдың 7 желтоқсанында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Өсу сатасы» жас әдіскер мектебінің екінші күнін өткізді. Күннің тақырыбы – «Мектепке дейінгі білім берудегі әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері». Бүгінгі жұмыс келесі жұмыс түрлерін қамтыды: күннің басы мен аяқталуының рефлексиясы, презентация-пікірталас, аралас дәріс, Startup, құрылымдық пікірталас. Достық атмосфера мұғалімдерге әдістемелік қызметтің құжаттамасына оңай енуге, топта жұмыс істей білуге және сессия кабинеттерінде тәжірибе тапсырмаларды сенімділікпен қорғауға мүмкіндік берді.