Қарағанды облысының жас мамандарының III форумы аясында «ЅТЕМ- технологиялары» секцияларының жұмысы өтті.
09-12-2021 16:17
Қарағанды облысының жас мамандарының III форумы аясында  «ЅТЕМ- технологиялары» секцияларының жұмысы өтті.

2021 жылдың 9 желтоқсанында ZOOM платформасында Қарағанды облысы жас мамандарының III форумы аясында №5,6 секциялар жұмысы өтті. Оған Қарағанды облысының барлық білім беру ұйымдарынан 200 педагог қызметкерлер қатысты. Секциялар қазіргі таңда өте өзекті «STЕM технологиялары» тақырыбы бойынша өтті. Жас мамандардың қатысуымен оқыту процесінде STЕM технологияларды енгізу мәселелері бойынша шеберлік-сыныптар өткізілді.

№5 секцияда шеберлік-сыныптарды «Жаңа технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында Нұра ауданының «К. Мыңбаев атындағы ЖББОМ» КММ жас маманы Шотбай Айгүл Наганқызы және Қарағанды қаласының «№97 гимназия» КММ жас маманы Меерманов Дәулет Өмірзақұлы «Робототехника арқылы STEM білім беруді жүзеге асыру» тақырыбында өткізсе, №6 секцияда «Программирование без компьютера» тақырыбында Қарағанды қаласының «Ғ. Мұстафин атындағы ЖББМ» жас маманы Қабілсейіт Берік Серікұлы және «Развитие критического мышления» тақырыбында Бұқаржырау ауданының «Ботақара ЖББМ» жас маманы Шахан Еламан өткізді. Секциялар жұмысы өткізілген шеберлік-сыныптар бойынша пікір алмасумен аяқталды.