Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы
09-12-2021 10:49
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы

      Қарағанды техника - құрылыс колледжінің базасында 2021 жылдың 25 қарашасынан 08 желтоқсаны аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық жарысы өтті.

Республиканың 5 облысынан 12 қатысушы өздерінің кәсіби шеберліктерінің жоғары деңгейін көрсетті. Жарыс үш құзыреттілік бойынша өтті:сырлау және сәндік жұмыстар, Плиткамен қаптау, Кірпіш қалау. 

Бағалау үшін Қарағанды қаласының жетекші сәулетшісі, техникалық қадағалаудың инженер-сарапшысы, құрылыс компанияларының жұмыстары мен қызметтерінің сапасын бақылау бөлімінің бастығы шақырылды.

Жарыс екі кезеңде өткізілді:

  • 1 теориялық кезең 2021 жылдың 25 қарашасында онлайн режимде, техникалық регламентті қамтамасыз ете отырып, тестілеу кезінде экран жазбасы арқылы өтті;
  • 2 практикалық кезең 2021 жылдың 08 желтоқсанында Қарағанды техника-құрылыс колледжінің базасында өтті.

«Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі» номинациясының жеңімпазы: Бекмагамбетов Муратбек Жумабаевич, «Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша,Атырау облысы.

Жарыс жеңімпаздары:

Бас – жүлде - Сакенова Жанат Даулетовна, «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша, Қарағанды облысы;

1 орын - Қайыр Темір Қадыржанұлы, «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша, Атырау облысы;

2 орын - Скакова Айгерим Ниязхановна, «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша, Шығыс – Қазақстан облысы;

3 орын - Хамзин Руслан Кайратович, «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша, Ақмола облысы.