«Еңсең биік, тұғырың берік болсын, тәуелсіз елім!» облыстық студенттер эссе байқауының қорытындысын шығару
10-12-2021 07:14
«Еңсең биік, тұғырың берік болсын, тәуелсіз елім!» облыстық студенттер эссе байқауының қорытындысын шығару

      2021 жылдың 10 желтоқсанында «Еңсең биік, тұғырың берік болсын, тәуелсіз елім!» атты облыстық студенттер эссе байқауының қорытындысы шығарылды. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Байқауға облыстың 30 колледжінен 43 студент қатысты.

Байқау жеңімпаздары:

1 орын - Қазбеков Думан, Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі (59 ұпай, қазақ тілі); Қабылда Әдия, Шет агротехникалық колледжі (58 ұпай, орыс тілі).

2 орын - Тогтархан Сұлушаш, А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі (57 ұпай, қазақ тілі); Николаева Ольга, Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі (57 ұпай, орыс тілі).

3 орын - Халелова Инкар, Академик К.А. Сагинов атындағы Мектеп-Колледж (56 ұпай, қазақ тілі); Павленков Максим, Қарағанды тамақтану және сервис колледжі (56 ұпай, орыс тілі).

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!