«Жыл мұғалімі-2021» байқауының жеңімпазы анықталды!
10-12-2021 09:43
«Жыл мұғалімі-2021» байқауының жеңімпазы анықталды!

      10 желтоқсан күні «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының қорытынды кезеңі өтті.  Байқаудың педагог мамандығының мәртебесін арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Биыл іріктеу кезеңдері онлайн режимде ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге 9 үздік ұстаз өтті. 

Дода нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Бас жүлде - Капарова Динара Онгонисовна, «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернаты. 

1 орын - Сарсенова Айнур Куралбековна, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп-лицейі. 

2 орын - Тажибеков Серикбол Даулетович, Шет ауданы, Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы. 

3 орын - Шакманова Жанерке Бейбутовна, Қарағанды облысы білім басқармасының «№6 арнайы мектеп-интернаты». 

Төрт номинация бойынша жеңімпаздар: 

«Үздік сабақ» - Аханова Маржан Қайратқызы, Ұлытау ауданы, №1 тірек мектебі. 

«Үздік сыныптан тыс іс-шара» - Тобыкова Арай Дайырбековна, Қарқаралы қаласы, Әлімхан Ермеков атындағы №2 мектеп. 

«Үздік үй тапсырмасы» - Нурпеисова Кунсулу Алимовна, Шахтинск қаласы, Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицей. 

«Көрермен көзайымы» - Коканов Олжас Асигатович, Нұра ауданы, «Муташ Сүлейменов атындағы тірек мектеп». 

«Рамазан Төребеков атындағы грант иегері» арнайы жүлдесі - Шакеев Саят Саматович, Балқаш қаласы, №16 жалпы білім беретін мектеп. 

"Жыл мұғалімі" байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және толағай табыс тілейміз!