«Жастар достық әнін шырқайды» атты X Облыстық ұлттар мәдениетінің студенттер фестивалі
14-12-2021 17:50
«Жастар достық әнін шырқайды» атты X Облыстық ұлттар мәдениетінің студенттер фестивалі

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 14 желтоқсанында «Жастар достық әнін шырқайды» атты Х Облыстық ұлттар мәдениетінің студенттер фестивалі өтті.

Шараға қатысу үшін Қарағанды ​​облысының колледждерінде оқитын студенттердің арасынан 19 шығармашылық топ пен солистер өз бейнероликтерін ұсынды.

Онлайн режимінде қатысушылар Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың түрлі ұлттық мәдениеттерінің концерттік нөмірлерімен таныстырды.

Шара А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжімен бірлесіп өткізілді.