ТжКОБКББ ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты педагогтер үшін облыстық семинар
15-12-2021 12:21
ТжКОБКББ ұйымдарында кәсіптік  бағдар беру жұмысына жауапты педагогтер  үшін облыстық семинар

      2021 жылдың 15 желтоқсанында онлайн режимде ZOOM платформасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты педагогтерге  арналған облыстық семинары  өтті.

Семинарда кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жетекші колледждердің мамандары сөз сөйледі:

  • Спанова Надия Калиевна, «Ж.Е. Букенов атындағы Қарағанды  банк колледжі» ЖММ  кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және мониторинг бөлімінің бастығы, тақырыбы: «Кәсіптік бағдар: нормативтік-құқықтық негіз және қызмет регламенттері»;
  • Салова Татьяна Александровна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы, тақырыбы: «Өмір жолының табалдырығында».

Спикерлер өз колледждерінде білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысы қалай жүргізіліп жатқаны, мектептерде кәсіптік сынамаларды ұйымдастыру және өткізу кезінде неге назар аудару қажеттігі туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Кәсіптік бағдар жұмысына жауапты 74 педагог қамтылды.