Студенттер арасындағы «Менің отбасым спортты ұнатады» облыстық қашықтықтан фотобайқауы
22-12-2021 16:41
Студенттер арасындағы «Менің отбасым спортты ұнатады»  облыстық қашықтықтан фотобайқауы

2021 жылдың 22 желтоқсанында Балқаш сервис колледжі  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу - әдістемелік орталығымен бірлесіп «Менің отбасым спортты ұнатады» облыстық қашықтықтан фотобайқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – белсенді және салауатты өмір салтын,  ата-аналармен бірге спортпен шұғылдануды   дамыту және насихаттау.

Байқауға 11 қатысушы өтінім берді. Барлық жұмыстар Instagram-ның Байқау парақшасына орналастырылды. Ашық онлайн дауыс беру 2021 жылдың18 желтоқсаны мен  20 желтоқсаны аралығында өтті. Байқау жеңімпаздары фотожұмыстар бойынша дауыс саны («лайк») арқылы  анықталды.

1 орын - Амантай Дильназ Мейрамовна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Джалбырова Канат Байгунусовна;

2 орын - Сарсенбек Нурайлым Сенбеккызы,  «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖММ  студенті, жетекшісі Ерманова Еркеназ Нуркешовна;

3 орын - Оспанов Айбар,  «Қазақмыс» Корпорациясы Технологиялық колледжі» ЖММ  студенті,  жетекшісі Смагиянова Айым Борамбаевна.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.