Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
23-12-2021 17:56
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың желтоқсан айының 23-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнді өткізу кестесіне сәйкес, тәжірибені жинақтау мақсатында «Өркен», Н.Нұрмақов атындағы ММИ, Ақпараттық технологиялар ММЛИ, «Озат» ақпараттық технологиялар ММЛИ, Осакаров ауданының МИК директорларының орынбасарлары 2020-2021 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары және 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарларын ұсынды.

Сонымен қатар, «Өрлеу» ИТО мен «OKOO» білім беру платформасының өкілдері сөз сөйледі.

Кеңеске 40 маман қатысты.