«Қысқы мектеп» жұмысы аясында информатика мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу күні
05-01-2022 15:15
«Қысқы мектеп» жұмысы аясында информатика мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу күні

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қаңтар айының 05-і күні ZOOM платформасында «Қысқы мектеп» жұмысы аясында информатика мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу күнін өткізді.

Информатика мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу күнін өткізу аясында келесі тақырыптарда шеберлік-сыныптар өткізілді:

  • «Информатика пәні бойынша олимпиадаға дайындаудың жолдары»;
  • «Web-сайт құру жолдары»;
  • «Робототехника арқылы ұлттық ойындарды насихаттау»;
  • «Beget.com серверінде panatour бағдарламасымен 3D тур құру.

Іс-шараға Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының 100-ден астам информатика мұғалімдері қатысты.

Сондай-ақ, барлық шеберлік-сыныптар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының youtube-арнасында көрсетілді.