2022 жылдың 5, 6 қаңтар айында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қысқы мектеп аясында онлайн-режимінде ZOOM платформасында білім беру ұйымдарының директорлары мен директорларының орынбасарларына арналған «Болашақ басшы» директорларының кадрлық резерві курсын мемлекеттік және орыс тілдерінде жалғастырады.
Курстарда «Әкімшілік рәсімдер және Мемлекеттік қызметтер», «Мектептерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері», «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Мектептегі тәрбие жұмысы бойынша бағдарламаларды жобалау», «Әдістемелік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Халықаралық зерттеулер», «Мектеп құжаттамасын жүргізу, істер номенклатурасы» тақырыптары қаралатын болады.
Оқыту курсына Қарағанды облысының 18 аймағынан директорлардың кадрлық резервіне алынған 44 педагог қатысты.