2022 жылдың 11 қаңтарында сағат 10.00-де Worldskills Karaganda аймақтық чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің онлайн-отырысы өтті.
Отырысқа қатысушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының мен құзыреттілік орталықтарының өкілдері, бас сарапшылар.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары Нартова Т. Г. алғы сөзінен кейін, Қарағанды облысының техникалық делегаты Сапарова А.С. сөз сөйледі.
Содан кейін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Толекова М. С. отырысқа қатысушылардың барлығымен құзыреттілік орталықтары базасында өтетін «Worldskills Karaganda-2022» аймақтық чемпионатының бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.
Кеңес соңында аймақтық чемпионатты өткізу үшін құзырет орталықтарына келесі құжаттарды әзірлеу туралы шешім қабылданды:
- 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін келесі құжаттарды үлгі бойынша құрастырып, m.tolekova@umckrg.gov.kz поштасына жіберу керек:
- Құзыреттілік орталықтарының жұмыс жоспары;
- «WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық чемпионат сарапшыларымен жұмыс кестесі;
- «WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық чемпионат конкурсанттарымен жұмыс кестесі.
- 2022 жылдың 1 ақпанына дейін «Worldskills» Ұлттық чемпионатының ережелері негізінде «WorldSkills Karaganda» аймақтық чемпионатының ережесін әзірлеу.