Worldskills Karaganda аймақтық чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің онлайн-отырысы
11-01-2022 10:58
Worldskills Karaganda аймақтық чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің онлайн-отырысы

      2022 жылдың 11 қаңтарында сағат 10.00-де Worldskills Karaganda аймақтық чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің онлайн-отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының мен құзыреттілік орталықтарының өкілдері, бас сарапшылар.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары  Нартова Т. Г.  алғы сөзінен кейін, Қарағанды облысының техникалық делегаты  Сапарова А.С. сөз сөйледі.

Содан кейін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің  әдіскері Толекова М. С. отырысқа қатысушылардың барлығымен құзыреттілік орталықтары базасында өтетін «Worldskills Karaganda-2022» аймақтық чемпионатының бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.

Кеңес соңында аймақтық чемпионатты өткізу үшін құзырет орталықтарына келесі құжаттарды әзірлеу туралы шешім қабылданды:

  1. 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін келесі құжаттарды үлгі бойынша құрастырып, m.tolekova@umckrg.gov.kz поштасына жіберу керек:
  2. Құзыреттілік орталықтарының жұмыс жоспары;
  3. «WorldSkills  Karaganda-2022» аймақтық чемпионат сарапшыларымен жұмыс кестесі;
  4. «WorldSkills  Karaganda-2022» аймақтық чемпионат конкурсанттарымен жұмыс кестесі.
  5. 2022 жылдың 1 ақпанына дейін «Worldskills» Ұлттық чемпионатының ережелері негізінде «WorldSkills Karaganda» аймақтық чемпионатының ережесін әзірлеу.