Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
13-01-2022 21:51
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қаңтар айының 13-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде ИОТ және ЭББ бөлімінің 2022 жылға арналған негізгі іс-шаралары ұсынылды, аудан/қала бойынша UMC_OK мобильді қосымшасында пайдаланушыларды тіркеу бойынша талдау, «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауын өткізу, сондай-ақ ақпараттандыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда білім бөлімдерінің ұсыныстары тыңдалды.

Әдістемелік күнге 30 маман қатысты.