Оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы
13-01-2022 22:01
Оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы

      2022 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөліміоқу ісі жөніндегі орынбасарлардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.

Отырысқа облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары директорларының 14 орынбасары қатысты.

Отырыс барысында отырысты өткізу бағдарламасына сәйкес сұрақтар қаралды:

1. 2021-2022 оқу жылының І семестрі студенттерінің білімдерінің сапасы туралы (Кнашина А. А., Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі);

2. 2022 жылға арналған жоспарға сәйкес әдістемелік өнімді әзірлеу туралы (Сверлова Е.А., директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы).

Талқылау барысында әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, өз ұсыныстарын айтты.

Отырыс соңында шешім қабылданды:

1. Студенттердің білім сапасы бойынша мәліметтер жинауға арналған нысанды қарау және келісу (2022 жылдың ақпанына дейін);

2. Әдістемелік ұсынымдардың тақырыптарын бөлу және оларды әзірлеу бойынша жұмысты бастау (2022 жылдың наурызына дейін).