«Үштілді білім беру: тиімді әдістер мен технологиялар» тақырыбында НЕТВОРКИНГТЕР
14-01-2022 21:10
«Үштілді білім беру: тиімді әдістер мен технологиялар» тақырыбында НЕТВОРКИНГТЕР

      2022 жылдың 14 қаңтарында Қысқы мектеп аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Н.Нұрмақов атындағы ММИ» КММ бірлесе отырып облыстың химия, биология, физика және информатика мұғалімдеріне арналған үштілді білім беруді жүзеге асыру бойынша ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде «Үштілді білім беру: тиімді әдіс-тәсілдер және технологиялар» тақырыбында НЕТВОРКИНГТЕР өткізілді. Барлығы 100 мұғалім қатысты.

Семинар барысында «Н.Нұрмақов атындағы ММИ» КММ педагогтері өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті:

Султанов Сейфулмалик Абзалұлы, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының директоры;

Адилбаев Ерсин Бекежанович, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты директорының ақпараттандыру және көптілдік білім беру жөніндегі орынбасары;

Серіков Диас Жанатұлы, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

Дүйсенбаев Асланбек Таушанұлы, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі;

Кауланов Магжан Айтбаевич, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының информатика пәнінің мұғалімі;

Сейтжанов Жанболат Рахымжанулы, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі;

Тулешова Куралай Арыстамбайкызы, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі;

Бақтияр Данияр Жанболатұлы, 

Бакын Мейірбек, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімдері;

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің педагогтері нетворкинг жұмысына жоғары баға берді.

Жоспарларыңызды іске асыру жолында табыс тілейміз!