Размер шрифта:
Облыстық Эксперттік Кеңес отырысы
09-12-2015 11:59
Облыстық Эксперттік Кеңес отырысы

Облыстық Эксперттік Кеңес отырысы

    2015 жылдың 9 желтоқсанында облыстық Эксперттік Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының инновациялық әрекетінің нәтижелері туралы материалдар қарастырылды:

            1) «Мектепке дейінгі балаларды билингвалдық білім үдірісінде көп ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу» тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері туралы ақпараттық-талдамалық есеп (қорытынды), Балқаш қаласының КМҚК «Күншуақ» балабақшасы (меңгеруші Мухаметжанова З.К.).

         2) «Халық педагогикасы арқылы көптілді және этномәдениетті тәрбие беру» тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері туралы ақпараттық-талдамалық есеп (қорытынды), «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ  "Таншуақ" шағын орталығы (директор К.Дүбірбекова).

         3) «Бейіндік оқыту жағдайында мектеп-гимназия оқушыларының зерттеу құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері туралы ақпараттық-талдамалық есеп (аралық), «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ (директор Хусмолдинова Н.Е.).

         4) «Балалар тілдер әлемінде» тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері туралы ақпараттық-талдамалық есеп (қорытынды), Сәтбаев қаласының №1 «Ертегі» бөбекжай балабақшасы» КМҚК (директор Ярышева Р.В.).

         5) «Шығармашылық қуанышы» тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы, Сәтбаев қаласының №1 «Ертегі» бөбекжай балабақшасы» КМҚК (директор Ярышева Р.В. ).

         6) Тәжірибелік-эксперименттік жоба «Электрондық сынып журналы» (ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Сулейменов Р.Х., басқарған әзірлеушілер ұжымы)