«Сервис» бағыты бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық сайысы
19-01-2022 16:41
«Сервис» бағыты бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық сайысы

      2022 жылдың 19 қаңтарында Zoom платформасында «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының аясында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері байқауының ІІ кезеңі және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Сайысқа облыс колледждерінің 23 арнайы пәндер оқытушылары  мен өндірістік оқыту шеберлерінен құралған 8 команда қатысты.

Әділ-қазылар міндетін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері және әлеуметтік серіктес атқарды.

Сайыс екі кезеңде өткізілді:

  • 1 кезең 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін қашықтықтан өтті, қатысушылар «Мен өз жұмысымды жақсы көремін» және «Шеберлік сабақ» тақырыптарына бейне-презентациялар ұсынды;
  • 2 кезең Zoom платформасында 2022 жылдың 19 қаңтарында «Ми шабуылы» түрінде өтті.

Осы күні қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын анықтады:

1 орын  - «Коктейль 3 в 1» командасы, «Саран техникалық колледжі» КММ;

2 орын -«Создатели вкуснятины» командасы, «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК;

3 орын - «Orange Paradise» командасы, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ;

3 орын - «Изюминки»командасы, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК.