Математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясындағы семинар-практикум
14-01-2022 16:53
Математика және физика оқытушыларының облыстық  әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясындағы семинар-практикум

       2022 жылдың 14 қаңтарында Zoom платформасында математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясындағы семинар-практикум өтті.

Іс-шара барысында математика және физика оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Свердлова Е.А., «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ және Оськина Н.Н., «Қарағанды теміржол колледжі» КММ, «Қолданбалы есептерді шешу арқылы сыни ойлауды дамыту» тақырыбында;

2. Дуанбекова К.И., «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ, «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты бағалауға және қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды жобалау» тақырыбында.

Шараға облыс колледждерінің 42 математика және физика оқытушылары қатысты.