Демонстрациялық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар
19-01-2022 02:40
Демонстрациялық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар

      2022 жылдың 19  қаңтары сағат 15-те  Zoom платформасында директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде демонстрациялық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға облыс колледждерінің 62 өкілі қатысты.

Бағдарламаға сәйкес Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері М.С. Толекова жалпы түсінік беріп, «Колледждерде демонстрациялық  емтихандарды өткізу туралы»тақырыбында сөз сөйледі.

Сондай-ақ, демонстрациялық емтихандардыөткізу бойынша келесі колледждердің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. «Демонстрациялық емтихан Worldskills стандарттарын ескере отырып, мамандарды даярлау сапасын тәуелсіз бағалау нысаны ретінде» тақырыбында, Кешубаева А.М., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2. «Құзыреттілік орталығы базасында демо-емтихандарды өткізу тәжірибесінен», Калиев Р. Е., арнайы пәндер оқытушысы, Лизогуб О.В., құзыреттілік орталық меңгерушісі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

3. «Демонстрациялық емтихан өткізу шеңберінде CIS жүйесіндегі жұмыс алгоритмі», Кнашина Г.А., «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжі» ЖММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Каюмова И.И, Беклекбаева Л.К., арнайы пәндер оқытушылары.

Шара қатысушылары семинар соңындағы «Сұрақ-жауап»   рефлексиясы кезінде өздерінің ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.