Математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
2022 жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Барлығы 30 мұғалім қатысты.
Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:
- 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстыру;
- Математика пәні бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлеу ерекшеліктері;
- Білім беруде олқылықтардың орнын толтыру мәселелері;
- Математика сабағының әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру мен дамытудың әдістері және тәсілдері;
- Zipgrade бағдарламасын математика сабағында қолдану.
Осы мәселелер бойынша келесі мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті:
- Тлеуғабыл Е.Т., «Зияткер» ММИ математика пәнінің мұғалімі;
- Адамбаев Ж.К., Мұхамбет М.М., «Зияткер» ММИ математика пәнінің мұғалімі
- Бақын М., Н. Нұрмақов атындағы ММИ математика пәнінің мұғалімі.