Математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
19-01-2022 13:59
Математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

     2022 жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының математика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Барлығы 30 мұғалім қатысты.

Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  • 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстыру;
  • Математика пәні бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлеу ерекшеліктері;
  • Білім беруде олқылықтардың орнын толтыру мәселелері;
  • Математика сабағының әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру мен дамытудың әдістері және тәсілдері;
  • Zipgrade бағдарламасын математика сабағында қолдану.

Осы мәселелер бойынша келесі мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • Тлеуғабыл Е.Т.,  «Зияткер» ММИ математика пәнінің мұғалімі;
  • Адамбаев Ж.К., Мұхамбет М.М., «Зияткер» ММИ математика пәнінің мұғалімі
  • Бақын М., Н. Нұрмақов атындағы ММИ математика пәнінің мұғалімі.