2022 жылдың 20 қантарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының ОӘБ жұмысы аясында «Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының кәсіптік бағдары» тақырыбында әдістемелік кеңесі өтті.
Қатысушылардың назарына «Колледжде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері» (Байкодамова Р.Р., «Қарағанды теміржол колледжі» КММ педагог-психологы) және «ТжКББ жүйесіндегі кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары» (Сейтжанова Г.О., «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі», КМҚК педагог-психологы) материалдары ұсынылды.
Кеңес қорытындысы бойынша талапкерлерді кәсіптік бағдар беру бойынша MyCollege.kz сайты арқылы тестілеуден өткізу ұсынылды.
Семинарға облыстың 40 педагог-психологы қатысты.