Облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы
26-01-2022 22:29
Облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы

      26 қаңтар ZOOM платформасында мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестіктерінің мұғалімдеріне арналған отырыс өткізілді. Отырыста төмендегі мәселелер қарастырылды:

  1. І жартыжылдық қорытындысы;
  2. облыстық шараларға қатысу нәтижесі;
  3. мектеп мұғалімдерін аттестаттаудағы өзгерістер туралы (Сарсекеева Гульмира Сериковна, ҚО ББД ОӘО Білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі)

Отырыстың екінші бөлімінде Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Тілеубаева Камшат Олжасовна және  Какимова Светлана Шамельевна «Оқу сауаттылығын калыптастыру тәсілдері. Мәтінмен жұмыс» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Отырыс соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалды. Туындаған сұрақтар бойынша әдістемелік кеңестер, ұсыныстар берілді.