Размер шрифта:
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 27 қаңтар күні облыстық «Ауыл - Қала» жобасының жүзеге асырылуы бойынша облыстық семинар өткізілді.
27-01-2022 10:04
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 27 қаңтар  күні облыстық  «Ауыл - Қала» жобасының жүзеге асырылуы   бойынша облыстық  семинар  өткізілді.

      «Ауыл  мен  қала  мектептері  арасындағы  білім   беру сапасындағы  алшақтықты  қысқарту,  облыстық  мамандандырылған  мектеп интернаттарының  ауыл  мектептеріне   әдістемелік  және  тәжірибелік  көмек  көрсету» мақсатында семинар  бағдарламасына  сәйкес   «Дарын»  мамандандырылған мектеп– интернаты                     «Ауыл – Қала» жобасын жүзеге асыруда Осакаров  ауданының мектептерімен  бірлесе атқарған жұмыстары, тәжірибесі»    бойынша ММИ директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары Еркен И.Е., информатика  пәні  мұғалімі Қасым Ә.Ж.  атқарылған жұмыстардың барысымен  таныстырып, іс-тәжірибелерімен  бөлісті,   Осакаров  ауданының  әдістемелік  кабинетінің әдіскері Григорьева А.В. аудан  мектептерінде  жоба аясында   жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен  таныстырды.  

             Семинар қорытындысында қатысушылар семинардың  өзектілігіне  тоқталып, ұсынылған  жұмыстар  бойынша  оң  пікірлер айтылды.    

             Семинарға  барлығы 100  педагог  қатысты.