«Атақты жерлестер» бейне-эссе байқауы
28-01-2022 12:34
«Атақты жерлестер» бейне-эссе байқауы

      2021 жылдың  28 қантарындаЖезқазған Бизнес және Көлік колледжі  Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп облыстық  «Атақты жерлестер» бейне-эссе байқауын  өткізді.

Байқаудың мақсаты -  танымал  жерлестердің өміріне, туған жердің тарихына деген қызығушылықты ояту, орындалған жұмыстарды көрсету арқылы өз өлкесі үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, студенттерге өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігін ұсыну.

Байқауға студенттерден  34 өтінм  мен бейне-эссе берілді.

Байқау  қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

 «ӨЛКЕНІҢ ҰЛЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ»номинациясында:

1 орын - Ермеков Мирас Жанатбайұлы, «Қарағанды  экономика  және статистика колледжі»  ЖММ студенті, жетекшісі  Умбетов Дулат Муратович;

2  орын - Маркин Константин Геннадьевич, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Тарасов Сергей Петрович;

3 орын -Мехралиева Маржанат,  «Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Оспанова Әлия.

«ДАҢҚТЫ ЖЕРЛЕСТЕР - БІЗДІҢ ЗАМАНДАСТАРЫМЫЗ» номинацияда:

1 орын - – Ықылас Арайлым, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі»  ЖММ студенті, жетекшісі  Қабылова  Меруерт Блялқызы;

2 орын - Үсен Айнагүл,  «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ студенті , жетекшісі Тукенова Мадина Сайлауқызы;

3 орын - Саурбек Аружан, Сарбалакова Назгүл, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚКстуденттері, жетекшісі Каденова Анар Муқымқызы.

Жеңімпаздар дипломдармен, финалистер Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Байқаудың барлық қатысушыларын, әсіресе бүгінгі женімпаздарды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!