Размер шрифта:
ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ
28-01-2022 16:24
ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ

      2022 жылғы 28 қаңтарда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Туған өлке сырлары» облыстық жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн режимде «Дала фольклорының антологиясы» тақырыбында вебинар өткізді. «Мұрагер» және «Озат» мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Озат» мамандандырылған мектеп-интернатының педагогтары ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы маңызды материалдармен бөлісті. Зерттеу жұмысының әртүрлі формалары мен әдістері ұсынылды.

«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының педагогтары оқушылармен қаламгер Ақселеу Сейдімбектің шығармалары туралы жинақтаған жұмыстарымен бөлісті.

Оқушылар ақын-жазушылардың еңбектерін шығармашылығын зерттеу арқылы көрсетті.

Барлығы 100 адам қамтылды.