«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы
04-02-2022 09:22

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығын өткізеді.

Мақсаты: оқушылардың ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу, оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында оқу-әдістемелік орталық келесі іс-шараларды өткізеді:

  • «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 1-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге арналған семинар;
  • 9,11 -  сынып оқушыларына арналған «Жас IT»  челленджі;
  • Бейнероликтер байқауы:
    •  «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл»;
    • «1-ші бүкілхалықтық Қазақтар құрылтайына 30 жыл»;
    •  Шахтадағы апатты жою кезінде қаза тапқан Шахтер  «Игорь Иванович Лободаның туғанына 95 жыл».
  • Шеберлік сыныптар:
    • «Цифрлық сауаттылық» пәні  – «Оқытудың ойын әдістері және оларды сабақта қолдану» тақырыбы бойынша;
    • «Информатика» пәні – «HTMLweb-сайттарды әзірлеу әдістері» тақырыбы бойынша;
    • «Медиасауаттылық» курсы  – «Медиасауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбы бойынша.
  • «Web-мастер» жобасы аясында «Мобильді қосымшаны құру» шеберлік-сынып