«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығын өткізеді.
Мақсаты: оқушылардың ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу, оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында оқу-әдістемелік орталық келесі іс-шараларды өткізеді:
- «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 1-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге арналған семинар;
- 9,11 - сынып оқушыларына арналған «Жас IT» челленджі;
-
Бейнероликтер байқауы:
- «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл»;
- «1-ші бүкілхалықтық Қазақтар құрылтайына 30 жыл»;
- Шахтадағы апатты жою кезінде қаза тапқан Шахтер «Игорь Иванович Лободаның туғанына 95 жыл».
-
Шеберлік сыныптар:
- «Цифрлық сауаттылық» пәні – «Оқытудың ойын әдістері және оларды сабақта қолдану» тақырыбы бойынша;
- «Информатика» пәні – «HTMLweb-сайттарды әзірлеу әдістері» тақырыбы бойынша;
- «Медиасауаттылық» курсы – «Медиасауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбы бойынша.
- «Web-мастер» жобасы аясында «Мобильді қосымшаны құру» шеберлік-сынып