2015 жылдың 9 желтоқсанында қазақ тіліндегі арнайы пәндер облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
09-12-2015 06:52
2015 жылдың 9 желтоқсанында қазақ тіліндегі арнайы пәндер облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

     2015 жылдың 9 желтоқсанында қазақ тіліндегі арнайы пәндер облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

     Отырыс қатысушылары  оқу процессінде жаңа технологияларды пайдалану,

    Кәсіби шеберлікті жетілдіруде  тәжірибе алмасу жұмыстары және тағы да басқа мәселелер туралы талқылады.

    Отырысты алғысөзбен ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері А.А Еставлетова және Қарағанды гуманитарлық колледжінің  директоры Е.С.Әміров ашты.

  Отырыста төмендегідей тақырыптарда баяндамалар жасалды:

·        «Мектеп бағдарламасындағы Міржақып әлемі» – А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушысы Күленбаева Айбарша Исатаевна.

·        «Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі: іс-тәжірибелер мен мәселелер» - Қарағанды гуманитарлық колледжінің оқытушысы – Искакова Ғазиза Сайхановна.

    Баяндама жасаушылар мектеп, колледж бағдарламаларында Міржақып шығармаларын оқытудың әдіс-тәсілдеріне, оқытуда жаңа технология элементтерін пайдаланудың тиімділігіне тоқталды.

    Кәсіби шеберлікті жетілдіруде  тәжірибе алмасу жұмыстарын көрсету барысында Қарағанды гуманитарлық колледжінің оқытушылары Тулеуова Гүлнар Олжабаевна «Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы» (үштілділік жобасы аясында) панорамалық сабақ, Муханова Гүлден Тұңғышбайқызы М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы тақырыбында қазақ әдебиетінен, Касимова Алия Жумажановна «А.Құнанбаевтың қазақ балалар әдебиетінде алатын орны» тақырыбында балалар әдебиетінен ашық сабақтар өткізді.

   Отырыс соңында Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері

   М. Дулатовтың 130 жылдығына арналған «Алаштың сөнбес жұлдызы» тақырыбында әдеби -музыкалық  композиция ұсынды.