«Ғасыр тарихы» зерттеу жобалар облыстық байқауы
31-01-2022 12:16
«Ғасыр тарихы» зерттеу жобалар  облыстық  байқауы

      2021 жылдың  31  қантарында Қарағанды көлік-технологиялық колледжі  Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп облыстық   «Ғасыр тарихы» зерттеу жобалар қашықтықтан байқауын  өткізді.

Байқаудың мақсаты -  студенттерді зерттеуге тартуға  ықпал ету, қазіргі жағдайда теміржол көлігі қызметінің өзекті мәселелерін талқылауға ынталандыру.

Байқауға 11 өтінім берілді.

Байқау қорытындысы бойынша келесі бағыттар бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:

«Теміржолшылар әулеті»:

1 орын - Ғалий Ерлан, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММстуденті, жетекшілері   Перемазова Светлана Анатольевна мен Казбекова Сандугаш Рамазановна;

3 орын -Ракыш Рустем,  «Теміртау техникалық колледжі»  КММ студенті, жетекшісі Ильиных Юлия Валериевна.

«Ғажайып өмір» (теміржолшының жұмысы мен өмірі туралы):

1 орын - Еркебуланов Азамат,«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі  Тлеубергенова Мақпал Қайратқызы;

2 орын - Савченко Анастасия, «Қарағанды теміржол колледжі» КММ студенті , жетекшісі Онгарова Орика Темиргалиевна;

 3 орын - Тынышбекова Аружан,  «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Сейдін Дінмұхаммед Ғалымұлы.

«Ардагер теміржолшылар»:

1 орын - Нурмагамбетов  Нурсултан, «Қарағанды теміржол колледжі» КММ студенті, жетекшісі Оськина Надежда Николаевна;

2 орын - Джанзаков Марат, «Қарағанды теміржол колледжі» КММ студенті, жетекшісі Бактыбай Шалгынбаев;

3 орын -  Тұрсынжан Абай,  «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Байкенова Мадина  Суиндиковна.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, финалистер сертификаттармен марапатталды.