Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қаңтар айының 27 күні ZOOM платформасында әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- «Музей педагогикасының білім беру ортасы: инновациялар, мазмұны, жұмыс формалары мен әдістері» жинағын құрастыру туралы;
- Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау туралы;
- Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) меңгерушілерін, басшылардың орынбасарлары мен әдіскерлерін аттестаттау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы;
- 2017-2018, 2018-2019, 2020-2021 жылдардың аралығындағы мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуы.
Әдістемелік күнге Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 98 әдіскері қатысты.