Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
03-02-2022 17:58
Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қаңтар айының 27 күні ZOOM платформасында әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • «Музей педагогикасының білім беру ортасы: инновациялар, мазмұны, жұмыс формалары мен әдістері» жинағын құрастыру туралы;
  • Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау туралы;
  • Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) меңгерушілерін, басшылардың орынбасарлары мен әдіскерлерін аттестаттау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы;
  • 2017-2018, 2018-2019, 2020-2021 жылдардың аралығындағы мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуы.

Әдістемелік күнге Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 98 әдіскері қатысты.