Семинар «Цифрлық сауаттылық»
03-02-2022 17:57
Семинар «Цифрлық сауаттылық»

       2022 жылдың 2, 3 ақпан айында  ақпараттық сауаттылық апталығы аясында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы «Арман-ПВ» баспасымен бірлесіп әдістемелік көмек көрсету мақсатында ZOOM конференциясында  1 сыныпқа беретін информатика мұғалімдеріне арналған қазақ тілінде «Цифрлық сауаттылық» онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:

  • 1- сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны.
  • «Арман ПВ» баспасының Ekitap.kz білім беру платформасын қолдану.

Семинарға Қарағанды облысының 684педагогы қатысты.